Текст
2021 жылдың 19 наурызында "Балдәурен" б/б жылдық жоспар аясында әр топта мерекелік іс-шара өткізілді.Іс-шараның мақсаты-Наурызды қазақ халқының тойлауын көрсету.
Таңертеңнен бастап топтарда қазақ халық әндері шырқалып, балалармен Наурыз мерекесі туралы әңгіме жүргізілді.
Музыкалық залда Қазақстанда тұратын түрлі ұлттардың әндері мен билерін орындау арқылы ұмытылмас мерекелік іс-шаралар өтті.
Наурыз кезінде балаларға қонаққа үш көктем келді - қазақ көктемі, орыс көктемі, ағылшын көктемі. Мереке барысында балаларға арналған қазақ халық әндері шырқалып, орыс, қазақ, ағылшын халық қозғалмалы ойындары мен жарыстары өткізілді. Балалар үшін мерекелік ас мәзірі дайындалды.
Мереке өте әсерлі және қызықты өтті.